2021 жылы Қазақстанда есірткі қылмысы 8,5 % өсті

Ералы Тоғжанов есірткі қылмысын болдырмауға қатысты бірнеше тапсырма берді


24/09/2021
10:52 40252 0

Фото: inform.kz

 

Биыл Қазақстанда есірткі қылмысы 8,5 % өскен. Мұны премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы кеңесте айтты

 

«Қазір есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті боп тұр. Өкінішке қарай, жаңа синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбі — жастар. Биылдың өзінде елімізде 5 мың есірткі қылмысы анықталды, өсім 8,5 % болды. Осы бағытта күресу үшін жүйелі түрде шаралар атқаруымыз қажет», — деді Тоғжанов

 

Соған байланысты премьер-министрдің орынбасары құқық қорғау органдарына бірнеше тапсырма берді: 

 

  • интернеттегі есірткі саудасын болдырмау;
  • нашарқорларды емдеу тәртібін жетілдіру; 
  • есірткі диспансерлерін дұрыстап жабдықтау;
  • шетелден есірткі тасымалдауға жол бермеу;
  • осы шараларды тиімді атқару үшін ведомствоаралық топ құру.

Поделиться

Нет комментариев.

24/09/2021 10:52
40252 0

Уведомление